ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ҰЛЫ – ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ!
18 қаңтар күні мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6-сынып оқушыларының арасында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына орай танымдық сағат өтті. Артына мол мұра мен өнегелі ғұмырын қалдырған мемлекет қайраткерінің өмірі мен қалтқысыз атқарған еңбек жолдары айтылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Қазақ тарихында бітім-болмысы дараланған ұлы тұлғаның есімі жылдар өткен сайын жаңғырып, ел жадында мәңгі сақталады.