Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
20
март
2007

Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы

Н.Киікбаев  атындағы мектеп-гимназиясы туралы  

 

         Н.К.Киікбаев  атындағы орта мектебі  1988 жылы ашылды. 2016 жылы мектеп-гимназия статусына ие болды. Мектеп-гимназия мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік коммуналдық  мекеме болып табылады. Мектеп-гимназияны жоғары санатты ұстаз, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Ермекова Гульбахрам Серікқызы басқарады. 

         Мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен 5 мұғалім (Қосумова Гүлнар, Жақып Лаззат, Тоқбергенова Күміскүл, Орманов Нұрхат, Аллабергенов  Сары) ҚР білім беру ісінің үздігі атанса, 8 мұғалім (Сүлейменова Хадиша, Тоқбаева Роза, Момынқұлова Зауре, Исакова Дүрия, т.б.) ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Екі педагог (Қосумова Гүлнар, Бекбауов Асқар)  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген. 

         Соңғы бес жылда мектепті 23 оқушы «Алтын белгі», 6 оқушы «Үздік» аттестатпен аяқтады. Осы жылдары барлығы 65 оқушы жоғары оқу орындарының мемлекеттік грант иегерлері атанды.  Мектеп түлектері еліміздің және шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып, Ресейдің, Оңтүстік Кореяның оқу орындарын білімдерімен тәнті етуде. 

         Үстіміздегі оқу жылында  158 мұғалім еңбек етуде . Жоғары  және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі  60%. 

         2016-2017 оқу жылында 13 ұлт өкілдерінің балалары білім алуда. Жалпы оқушылар саны – 1734.  Білім сапасы - 62%. 

         Білім сапасын көтеріп,саналы ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп,жатқан мұғалімдер жетерлік. Олар:Наурызбаева Тамара,Айдарқұлова Света,Исақова Дүрия, Ракулова Гульмира, Момынқұлова Зауре,Еркебаева Сажида, Әдбікаримова Маржан, Іргебаева Гүльназира,Тоқбаева Роза, Жансугірова Бақыт, Нүсіпбаева Райхан, Көбеева Шолпан, Нарикбаева Нүргүл. 

         2015-2016 оқу жылының қорытындысында мектеп облыстағы 10 үздік ауыл мектебің қатарынан орын алды. 

         2016-2017 оқу жылында Халықаралық байқаулардан 65 оқушы, Республикалық байқаулардан 74 оқушы, Республикалық қашықтық олимпиадалардан 283 оқушы, аудандық байқаулардын 70 оқушы, облыстық байқаулардан 4 оқушы жеңімпаз атанды. 

         Халықаралық «Британский бульдог», «Пони» байқауларынан 51 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оқушыларды дайындауда ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Ракулованың үлесі зор. 

         «ЭКСПО-2017» шеңберінде өткен эко-форумда мектеп оқушылары  Махадинов Маадин мен Сембек Жанна облыста І орынды жеңіп алып, Орал қаласында өтетін Республикалық форумға жолдама алды. Жетекшілері технология пәні мұғалімдері А.Шлмағанбетова, Ж.Қазыкеев. «Кока-кола - 2017» біріншілігінде мектеп командасы облыста І орынға ие болып, Астана қаласында өтетін республикалық ойынға жолдама алды. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ибрагимов Жеңіс. Волейболшы қыздар командасы Жамбыл облысы бойынша мектеп лигасында І орынға ие болып, Атырау қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдаманы жеңіп алды. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұрат Рауан.  


 

Похожие публикации:

02 август 2017 Гимназия күні