10
февраль
2023
БАЙЗАҚ АУДАНЫНА 85 ЖЫЛ!
Мектеп-гимназияда кітапханашылардың ұйымдастыруымен Байзақ ауданының 85 жыл толуына орай «Байзағым - киелі мекенім» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Байзақ ауданы туралы толық мәлімет беру, Байзақ Мәмбетұлының өмірбаянымен және ауданымыздың көрікті жерлерімен таныстыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өткен кітап көрмесінде ауданымыздың жетістіктері айтылып, ақын-сазгерлерінің өлеңдері оқылды.






