15
февраль
2023
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫЛАРЫ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ!
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Биыл сол соғыстың аяқталғанына – 34 жыл толып отыр. Осыған орай мектеп-гимназияда құқық айлығының барысында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ауған ардагерлері Танабаев Қуат, Алманов Құралбай, Төлепбергенов Лесбек қатысты. Шараға қатысқан қонақтар қантөгісті оқиғаның естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, патриоттық әндер шырқалып, оқушыларымыз керемет көңіл-күй сыйлады. Жиынды қорытындылаған ДҚТІЖО Кенжалиев Шыңғыс бүгінгі іс-шараға қатысқан Ауған соғысының ардагерлерін алғыс хатпен марапаттап, ардагерлердің өжеттігін үлгі етуге, есімдерін қастерлеуге шақырды.








