Аудандық семинар
03.03.2020 күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Increasing motivation to learn English through the development of creative abilities» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінің ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты. Алдымен, мектеп-гимназия директоры Ермекова Гульбахрам Серікқызы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Құлмахамбетова Назира Жомартовна сөз алып, барлық қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.