07
февраль
2020
"Особенности преподавания русского языка и литературы в условиях обновленного содержания образования" тақырыбында аудандық семинар
2020 жылдың 7-ақпанында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Особенности преподавания русского языка и литературы в условиях обновленного содержания образования" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға білім бөлімінің әдіскері Л.Бабашева, серіктес мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және осы пән бойынша аудан мектептерінің жас мамандары қатысты. Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ш.Кубеева, З.Кыдыралиева, С.Сейтханова ашық сабақтар көрсетіп, мектеп тренері С.Акбергенова "Алгоритм составления СОР" тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Л.Бабашева мен іс-шараға қатысушы ұстаздар кері байланыс беріп, алған әсерлерімен бөлісіп, ұстаздардың жұмысына оң бағасын берді.


















