27
октябрь
2020
"Әл-Фараби шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні" тақырыбында вебинар
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес шығыстың ғұлама ғалымы, әлемнің екінші Аристотелі Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлестігі "Әл-Фараби шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні" тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді. Вебинар жұмысы аудандық білім бөлімінің әдісттемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Маутаева Қарлыға Сейтханқызының алғы сөзімен басталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ивжанова Ғалия Мақсұтқызы "Әл-Фарабидің мыңжылдық ғибратты сөздері" тақырыбында, Қасымова Айнұр Берікбайқызы "Әл-Фараби шығармалары - тәрбиенің қайнар көзі" тақырыбында баяндаламал оқып, Омарва Айнұр Жамалбекқызы 6 сыныпта "Әл-Фараби "Қашықтасың, туған жер" панорамалық сабағын көрсетті.











