
“Балдәурен” жазғы лагерінде “Бейбіт күн – бақытты балалық” тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Балалар қиялға ерік беріп, түрлі түсті суреттермен бейбіт өмір мен балалық шақтың шаттығын бейнеледі. Байқау соңында ерекше көзге түскен қатысушылар дипломдармен марапатталды. Көңілді әрі шабытты шара балаларға ерекше әсер сыйлады.