Аудандық семинар » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

04
март
2020

Аудандық семинар

03.03.2020 күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Increasing motivation to learn English through the development of creative abilities» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінің ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты. Алдымен, мектеп-гимназия директоры Ермекова Гульбахрам Серікқызы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Құлмахамбетова Назира Жомартовна сөз алып, барлық қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі. Одан әрі ағылшын тілі бірлестігінің жетекшісі Ракулова Гульмира Орынтаевна «Increasing students motivation in learning English» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныптың соңында мұғалімдер шеберлік сыныптың ұнағанын, өздеріне өте көп пайдалы ақпараттар алғанын жарыса жазды. Семинар барысында мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Бекбаева Р, Курманалиева Д, Ешенкулова А, Тыныштыкова Ғ тәжірбие алмасу мақсатында сабақ өткізді. Семинарға қатысқан мұғалімдер «жоғарғы дәрежеде өтті» деген баға берді. Семинар мектеп оқушыларының концертімен аяқталды.