🎉 «Балдәурен» лагері – шаттық мекені!🌞 Мектеп-гимназияда жазғы демалыстың жарқын бастамасы – «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты жоғары көңіл-күймен өтті! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » 🎉 «Балдәурен» лагері – шаттық мекені!🌞 Мектеп-гимназияда жазғы демалыстың жарқын бастамасы – «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты жоғары көңіл-күймен өтті!
02
июнь
2025

🎉 «Балдәурен» лагері – шаттық мекені!🌞 Мектеп-гимназияда жазғы демалыстың жарқын бастамасы – «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты жоғары көңіл-күймен өтті!

🎉 «Балдәурен» лагері – шаттық мекені!🌞
Мектеп-гимназияда жазғы демалыстың жарқын бастамасы – «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты жоғары көңіл-күймен өтті! 💫
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл күнде әсем әндер шырқалып, биші арулар өз өнерлерін паш етті. 💃🎶 Ерекше қуаныш сыйлаған мультфильм кейіпкерлері балалармен ойын ойнап, көңілдерін бір серпілтті.
📌 Мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы балаларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, әр балаға шат-шадыман демалыс тіледі. Мерекенің тәтті сыйы ретінде балаларға балмұздақтар таратылды. 🍦
👫 Лагерьде 3 отряд, 6 үйірме жұмыс істейді. 30 білікті қызметкер балалардың қызықты, мазмұнды әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз етеді.
✨ «Балдәурен» – шаттыққа толы балалықтың мекені!