12
ноябрь
2020
"Білім беру платформалары-қашықтықтан оқыту сапасын жақсарту құралы" тақырыбында вебинар
12.11.2020 ж күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының "Сапа" әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен серіктес мектептермен ZOOM қосымшасы арқылы қашықтықтан "Білім беру платформалары-қашықтықтан оқыту сапасын жақсарту құралы" тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарға серіктес мектептер №3 орта мектеп, №5 орта мектеп, Жамбыл атындағы орта мектеп, Абай атындағы орта мектеп, Мырзатай орта мектебі, А.Пушкин атындағы орта мектептерінің ұстаздары мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қалалық филиалының тренері Тұрысбекова Н.М. қатысты. Вебинар барысында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектеп-гимназия тәжірибесі таныстырылып, білім беру платформаларын пайдалана отырып қашықтықтан сабақ өткізудің үлгілері көрсетілді. Тәжірибелік бөлімінде ПШО Тараз филиалының тренері Тұрысбекова Н.М. "Google Jamboard интерактивти тақтасын пайдалану жолдары" тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.
















