27
февраль
2021
"Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг
2021 жылдың 27-ақпанында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Сапа" әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәнінің әдістемелік айлығы аясында жас мамандармен "Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Тыныштықова Ғ., Шуртанова Ж., Айтжанова А. ұйымдастырды. Іс-шара барысында қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектесетін бірнеше тиімді әдіс-тәсілдер таныстырылып, қатысушылар өздері сол бағдарламаларда тапсырмалар құрастырып, орындап, тәжірибе алмасты.










