22
февраль
2019
"The Kingdom of three languages" тақырыбында ағылшын тілі пәнінің онкүндігі ұйымдастырылды
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 11.02-22.02 күндері аралығында "The Kingdom of three languages" тақырыбында ағылшын тілі пәнінің онкүндігі ұйымдастырылып, өткізілді. Онкүндік барысында ағылшын тілі пәні мұғалімдері барлық сыныптарда ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырды. Бірлестік жетекшісі Ракулова Гульмира Орынтаевна бірлестіктегі жас мамандарға "Reading for pleasure" тақырыбында панорамалық сабақ жүргізді. Ұйымдастырылған іс-шаралар барысында оқушылар белсенді түрде қатысып, өздерінің ағылшын тілін меңгеру бойынша білімдерін саралады. Онкүндік соңындағы іс-шараларда өздерін жан-жақты таланттарымен көрсете білген оқушылар марапатталды.












