Іс-шаралар » Страница 49 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

«ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ»
28
октябрь
2022
«ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ»
Мектеп-гимназияда 10-11 сыныптар арасында «Ұлы дала тұлғалары» тақырыбында танымдық ойын өткізілді. Танымдық ойын екі бөлімнен тұрды: Ұлы дала тұлғалары және қазақ халқының салт-дәстүрлері. «Ұлы дала тұлғалары» бөлімі Қазыбек би, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Мәншүк Мәметова, Роза Бағлановалардың  өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Оқушылар тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар мектеп бағдарламасынан алынды. Екінші бөлім қазақ халқының
Республика күні
25
октябрь
2022
Республика күні
СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ  25 қазан-Республика күні»-Ұлттық мерекесі қарсаңында мектеп-гимназияда 20 қазан күні «Толағай» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Атап айтсақ, көнеден келе жатқан ұлттық асық ату ойыны, футбол, волейбол және эстафеталық жарыстар  түрінде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша оқушылар 1,2,3 орындармен марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді.    Іс-шараның мақсаты:мерекелік атмосфераны қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, Отанын сүюге, қадірлеуге, мақтан
"Маралтай оқулары"
17
октябрь
2022
"Маралтай оқулары"
Мектеп оқушылары арасындағы облыстық "Маралтай оқулары" шығармашылық байқауында  "Ақынға арнау"  номинациясы бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Айзатхан Дархан І орынды иеленіп, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Айнұр. Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз!!
"Маралтай оқулары" байқауы
07
октябрь
2022
"Маралтай оқулары" байқауы
Облыстық "Маралтай оқулары" байқауының аудандық кезеңінде  "Ақын өлеңін жатқа  мәнерлеп оқу және ақын өлеңдерін жатқа  көп оқу"  номинациясы бойынша мектеп-гимназиямыздың оқушысы Шарипхан Ұлбосын ІІІ орынға, "Маралтай Райымбекұлына арнау шығарып, жатқа мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша Айзатхан Дархан Бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз!
ДУБЛЕР КҮНІ
04
октябрь
2022
ДУБЛЕР КҮНІ
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясында «ДУБЛЕР КҮНІ», яғни білім алушылардың өзін – өзі басқару күні өтті. Дублер күнінің мақсаты – мектептегі өзін – өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Жоспар бойынша алдын ала өзін – өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектептің 10 – 11 сынып
ОҚУШЫЛАР ТЕАТРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
04
октябрь
2022
ОҚУШЫЛАР ТЕАТРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
Халқымыздың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің бір сөзінде: ¬«Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі» деп айтып кеткен болатын. Расымен де, театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер, ол өмірімізде болып жатқан сан алуан құбылысты сахналық қойылым арқылы көрсетуге негізделеді.  Заман жаңарған сайын, адам ¬баласы да сол талаптарға сәйкес икемделе бастайды. Алайда ғаламтор бізге ¬рухани байлық сыйлай алмайды, сол себепті білімімізді жетілдіру
"Дарынды математик"
03
октябрь
2022
"Дарынды математик"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен "125 education" ЖШС-ның ұйымдастыруымен өткен облыстық "Дарынды математик" олимпиадасында мектебіміздің 9-сынып оқушысы Тұрсынбай Абдурахман жеңімпаздар қатарынан табылып, Грамота және ақшалай сыйлық сертификатымен марапатталды. Дарынды шәкіртіміз бен жетекшісі Абдикаримова Маржан Амантайқызын жеңістерімен құттықтаймыз!!
АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
30
сентябрь
2022
АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген жас ұрпаққа ізеттілігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің қашанда орны ерекше. Мұғалімдер күні мерекесіне орай мектеп – гимназиямызда «Ұстазыма мың алғыс!» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Кездесу кеші өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне
"ҰЛЫЛАР ТУҒАН КҮН"
28
сентябрь
2022
"ҰЛЫЛАР ТУҒАН КҮН"
 Бүгін әдебиет әлемінде тарихи күн. Дәл осы күні қазақ даласында ұлылар дүниеге келген күн. Атап айтқанда Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Шерхан Мұртаза. Осы орайда мектеп-гимназия кітапханасында алтын қалам жазушыларына арналған "Ұлылар туған күн " атты дөңгелек үстел мен көрме ұйымдастырылды. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Бекзат Сапарбаев оқушыларға жазушылардың шығармашылығын кеңінен таныстырды.