АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
30
сентябрь
2022

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген жас ұрпаққа ізеттілігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің қашанда орны ерекше.
Мұғалімдер күні мерекесіне орай мектеп – гимназиямызда «Ұстазыма мың алғыс!» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Кездесу кеші өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау  мақсатында өткізілді.  Іс – шара барысында ұстаздарымыз естелік әңгімелерімен бөлісті. Кездесу кешіне қатысқан қонақтарға ұжым атынан естелік сыйлықтар табыс етіліп, ұлағатты ұстаздар ізгі ниеттерін білдірді.