«ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ» » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

28
октябрь
2022

«ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ»

Мектеп-гимназияда 10-11 сыныптар арасында «Ұлы дала тұлғалары» тақырыбында танымдық ойын өткізілді. Танымдық ойын екі бөлімнен тұрды: Ұлы дала тұлғалары және қазақ халқының салт-дәстүрлері. «Ұлы дала тұлғалары» бөлімі Қазыбек би, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Мәншүк Мәметова, Роза Бағлановалардың  өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Оқушылар тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар мектеп бағдарламасынан алынды. Екінші бөлім қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналды. Тақтада сурет көрсетіліп, оқушылар суретте қандай салт-дәстүр бейнеленгенін атап, сол дәстүрге анықтама берді. Іс-шараның мақсаты - осы ұлы тұлғалардың бізге қалдырған мұрасы мен өшпес ерлігін ұмытпауға, құрметтеуге, қастерлеуге баулу, халқымыздың байырғы салт-дәстүрлерін жаңғырту, күнделікті өмірде  қолдану.