Қоғамда жастардың пікірлерімен санасып,қажеттіліктерін қамтамасыз етіп,олардың өсуіне жағдай жасау алдыңғы толқынның міндеті.

Осы орайда, ауданымыздың жастарының пікірлерін тыңдап, сұраныстары мен тілектерін білу мақсатында Байзақ колледжінің білім алушыларымен кездестім.

Жиын барысында бүгінгі күні жастарды толғандырып жүрген мәселелерді талқыладық.

Өз тарапымнан болашақ мамандарға жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар,әлеуметтік жұмыс,жастар практикасы,мемлекеттік гранттар,кәсіпкерлік бағыттағы кредиттер бойынша түсініктемелер бердім.

Олардың ұсыныстары мен пікірлерін назарға алдым,жастарымыздың тілектерінің орындалуына өз құзіретімнің шегінде ықпал жасау міндетім деп білемін.

Жастарымыздың болашаққа деген зор сенімі мен еңбек етуге,білім алуға зор ынталары ерекше қуантты.Сондай-ақ,қазіргі студент-ертеңгі мамандарымыз ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып,болашақта еңбектерімен ауданымыздың дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға ниетті екендерін білдірді.

Жастарымызға алғыс білдіре отырып,сәттілік тілеймін!
Барлық армандары орындалсын!



