Функционалдық сауаттылық – заман талабы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » Функционалдық сауаттылық – заман талабы
08
июнь
2017

Функционалдық сауаттылық – заман талабы

 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры

Ермекова Гульбахрам Сериковна



 


   



 

Функционалдық  сауаттылық – заман талабы


         2015 жылдың 15 мамырында жарияланған 100 нақты қадам:Ұлт жоспары атты Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауының 76 қадамында ЭЫДҰ мемлекеттері стандарттарына сай адами капиталдың сапасын көтеру,функционалдық сауаттылықты арттыру,12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу мәселелері нақтыланды.Нәтижесінде 2016 жылдың 1наурызында «Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жасалды.Бағдарламада жаңартылған мазмұндағы білім беруге көшу кезеңдері,сондай-ақ жыл сайынғы білім сапасы индекаторларының межесі анық көрсетілген.Сонымен, үстіміздегі оқу жылының қыркүйек айынан бері жаңартылған білім мазмұны оқу үрдісіне еңгізіліп, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата- аналар болып бірлесе тынымсыз еңбек етудеміз. Әрқайсысымыздың көкейімізде «Жаңартылған білім бізге не береді?» деген сауалдың болуы заңды.Сонымен қатар «Біз мұндай өзгеріске дайын емес едік»деген пікірлер жиі айтылуда.Дайын еместігіміздің дәлелі ретінде еліміздің мектептерінің материалдық-техникалық базасының нашарлығын(әсіресе ауыл мектептерінің),сынып топтамаларындағы бала санының көптігін,оқулықтардағы кемшіліктер сияқты қиындықтарды алға тартуда.Алайда,білім беру жүйесіндегі өзгеріс өз кезегінде тура уақтында іске асырылуда.Себебі,әлем көз ілеспес жылдамдықпен дамуда.Футуролог ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек бүгінгі күні адамзатқа төрт түрлі факторлар әсер етеді:климат,жедел даму,жаһандану,жаңа технологиялар. 2008 жылы ағылшын футурологы Джемс Мартин «Болашақта адамдар екі топқа бөлінеді.Алғашқысы «Кітапқұмарлар»- бұл адамдар өзіне керекті ақпаратты кітап оқудан алады.Олардың зейін шеңберлері кең,анализ жасауға бейім жандар.Кейінгісі «Экранға телмірушілер»-бұл адамдар кез-келген оқиғаға тез назар аударады және келесі оқиғаға жедел ауысатын мінездерімен ерекшеленеді.Олар пікірді аяғына дейін тыңдауға қабілетсіз.Олар үшін бір мезетте бірнеше оқиға экран бетінде тұруы керек»деген.Осыдан тура тоғыз жыл бұрынғы айтылған Мартиннің болжамы қазір өмір шындығына айналды.Кітапқұмарлар азайып, смартфон бетіне телмірген ұрпақ өсуде.Бұл мақтанарлық та, қуанардық та жағдай емес. Себебі,смартфонды шектен тыс пайдаланатын баланың шығармашылық, оның ішінде креативті ойлауы тежеліп, өз іс-әрекетінің салдарын ойлауға мүмкіндігі азаятындығын және оқуға деген қабілеті төмендеп, математика және физика пәндері үшін қажетті дағдының қалыптасуынның бұзылатындығын ғалымдар дәлелдеп отыр. Яғни, нақты ғылымға әлсіз жеткіншектер өседі. Жеткіншектің дене бітімінің дұрыс өсуіне, қалыптасуына кері әсері мен псиxикалық саулығына әсері жайында айтпаса да белгілі. Өзімен-өзі жалғыз болуға деген ынтасы артып,ата-анамен  емес, смартфонмен сырласатын ұрпақтың өсіп келе жатқаны ащы да болса шындық.Адамзат баласы осы әсер етуші факторларға төтеп беретіндей жағдайда ма? Еліміздің бірқатар мектептері 2009,2012,2015 жылдары PISA деп аталатын жаңартылған мазмұнды бағалаудың стандарты бойынша білім сапасын анықтауға қатысты. Осы зерттеудің қорытындысы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының төмен екендігін анықтады.Жалпы функционалдық сауаттылық деген не? Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық-оқушының әлеуметтік мәдени,саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін фактор болып табылады. Функционалдық сауаттылық-адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі.Енгізіліп отырған жаңа  бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру.Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Бұл бағдарламаның ерекшелігінің бірі  коммуникативтік  төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе,  жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән беріледі.Тыңдалым дағдысының  6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіндігі жайында жоғарыда айтқан болатынмын.Тыңдалым  болмаған жағдайда  қалған үш дағдының өз нәтижесін  бермейтіндігі айдан анық  жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу үдерісінде « ең бірінші тыңдаймыз»   деп оқушылардың тыңдалымға  дағдылануына баса назар аударып отыру арқылы ұстаздар оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Сондықтан, бағдарламадағы әр пәнде үш тілділік саясатының  жүзеге асуы және  барлық пәнге  тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі  оқушының  белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді. 

         Ал қолданыстағы білім мазмұнына келетін болсақ,мектепте балаға нені оқытудамыз? Мектепте баланың теориялық біліміне ғана мән беріп,бала біледі және түсінедімен шектелудеміз.Яғни,қолданыстағы білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі,білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады.Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себепші болады. Сондықтан да «Біз мұндай өзгеріске дайын емес едік»деп қарап отыру қателік.Өмірдің ағымы біздің дайындығымызбен санаспайды,күтпейді, тоқтамайды.

            Бүгінде оқытудың парадигмасы өзгерді. Жаңаша көзқарас пайда болды. Ұстаздарымыздың  алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.Осы орайда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өткен мектебіміздің 27 мұғалімі жаңа әдістемелер  мен  жаңа технологияларды мектептің оқу үдерісіне енгізе жүріп  мектеп мұғалімдерінің жаңа мазмұнды білім беруге дайындығын шыңдай түсті.Оқу семинарлары мен коучингтерді ұйымдастыра отырып, білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ететіндігін түсіндіре білді. Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Бағалау жүйесін де өзгерте отырып, оқу үдерісіне критериалды бағалауды енгізудің тиімділігін түсіндік.Мектеп мұғалімдері сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға,өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға,сабақ берудің сапасын арттыруға,оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға,оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға,бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға,оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге машықтануда.Өз кезегінде мектеп оқушыларының танымдық қабілеті мен ойлау деңгейлері артып,өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсу және сыни ойлау қабілеттері дамып, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге,оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға ұмтылыстары артуда.Сондай-ақ,бағалау жүйесінің өзгеруі  мектептің дәстүрлі жұмысын жандандырып,әрі мектептің ата-аналарымен жүргізілген жұмысына жаңаша серпін берді. Мектеп оқушыларының ата-аналары баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысып,оның оқуындағы табыстылықты бақылап,оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуға қол жеткізуде.Ата–аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың артуы  мектептің  білім сапасын көтеру мен оқытуды жақсартудағы ортақ пікірлерді ескере отырып, бала тәрбиесіндегі проблемаларды анықтау мен шешу жолдарын зерделеуімізге  және жоспарлы жұмысымызға нақты мақсаттар қоя білуімізге көмектесті.

        Жаңа бастаманың  қашанда қиындығы аз болмайды. Бірақ  осы  міндетті абыроймен атқару және шәкірттерін бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізу әр ұстаздың  міндеті.Себебі, адамның өмірде өз орнын табуы маңызды. Ал өз орныңды табу үшін әрине сен заман талабына сай біліммен қаруланған қажетті мамандық иесі болуың керек.Әр адам өз қабілетіне қарай сүйікті мамандығының иесі болуы керек.Елбасы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты жолдауында  «Ең алдымен,білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс.Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»-деп басып айтты.Себебі,әлемдік экономиканың мәні өзгеруде.Мемлекеттер мен халықтардың байлығы табиғи ресурстармен емес,интеллектуалдық ресурстармен өлшенеді. Сондықтан  заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей,  мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етуіміз керек.

Похожие публикации:

02 август 2017 Алтын белгі
02 август 2017 Гимназия күні