PISA - 2022 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ӨТКІЗІЛДІ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

15
апрель
2022

PISA - 2022 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ӨТКІЗІЛДІ

PISA - 2022 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ӨТКІЗІЛДІ.
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 15 сәуір күні PISA - 2022 халықаралық зерттеуі өткізілді. 
🌐 Халықаралық зерттеуге бастапқыда 2006 жылы туылған 112 білім алушымен дайындық жүргізілсе, кейін іріктелген 42 білім алушы зерттеуге қатысты. 
⭕ Қатысушы білім алушылармен мектеп психологтары жеке сөйлесіп, арнайы сұхбаттар, сауалнамалар алды. 
Білім алушылар тест тапсырып, сауалнама толтырды.
⭕ Айта кетейік, PISA – халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы білім алушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан (тіл мен әдебиет білім салаларынан) игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік 
жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді. 
⭕ Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз.
⭕ Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру,  яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі - білімде.