26
январь
2023
ШЕШЕНДІК ӨНЕР-ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ
Мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлық жоспарына сай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10-сынып оқушыларымен «Шешендік өнер-халық даналығы» тақырыбында байқау өткізілді. Қазақ шешендік өнері мен би-шешендердің тағлым сөздері кейінгі кездерде қазақ философиясы тарихы тұрғысынан кеңінен зерттеле бастағандықтан,байқауда түрлі кезеңдер орын алды.Оқушылар 1-кезеңде өздерін таныстыра отырып,2-кезеңде шешендік өнер аясында сұрақтарға жауап берді.Сондай-ақ,билердің өткен ғасырына,тұрмыс-тіршілігіне,билік дәуіріне шолу жасап сыныптар көрініс көрсету арқылы бақ сынасты.Байқауда барлық сұраққа ұтымды жауап берумен қатар,өнерлерімен ерекше көзге түскен сыныптар-бас жүлде,жүлделі 1,2,3 орындарды қанжығасына байлады.










