27
февраль
2021
«Алғыс айту» күні
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай мектеп кітапханашылары Д.Диханбаева мен Д.Майкенованың ұйымдастырумен 5-7 сынып оқушылары арасында онлайн форматында «Алғысым шексіз халқыма» шешендік өнер жарысы өткізілді. Жарысқа оқушылар белсенді түрде қатысты. Іс-шара соңында әділ-қазылар алқасының сараптауымен тақырыпқа сай жасалған бейнежазбалар жүлделі орындармен марапатталды. Жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз!
