17
январь
2023
ЕРТЕГІ-АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МОЛ МҰРАСЫ!
Мектеп-гимназияда 16 қаңтар күні «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 6-сыныптар арасында «Асыл қазына» ертегілер мен тұрмыс-салт жырлары сайысы өтті. Сайысты ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразбаева Айжан Аятбекқызы.
Еліміздің болашақ ұрпағын білім нәрімен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, халық ауыз әдебиетін сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген сайыста білімділігімен «Бас жүлдені» 6 «Г» сынып оқушылары Құралбай Сандуғаш, Исмаил Ұлдана, I орынды 6 «В» сынып оқушылары Шоқанқызы Ұлдана, Нұржабай Жансая, II орынды 6 «Е» оқушылары Серикбай Алуа, Абибулла Арман, III орынды 6 «Б»сынып оқушылары Нұржан Нұрәлім, Нұрсейіт Әмина иеленді. Сонымен қатар 6 «А» сынып оқушылары Шарапатділдә Нұрай, Бекзат Айда «Алғыр» номинациясымен, 6 «Ә» сынып оқушылары Назарбаева Мадина, Бауыржан Балжан «Тапқыр» номинациясымен, 6 «Д»сынып оқушылары Шілтен Алмаз, Жолдасбай Қарлығаш «Ең зерек» номинациясымен, 6 «Ж» сынып оқушылары Құттымұрат Әсем, Мейіржанұлы Мейірлан «Ұшқыр ойлы» деген номинациялар бойынша марапатталып, сыйлықтар берілдi




