Ұлы отан соғысына 74 жыл » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

08
май
2019

Ұлы отан соғысына 74 жыл

Ұлы отан соғысына 74 жыл, ҚР қарулы күштеріне 27 жыл және 7 мамыр әскер күніне орай Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясында 5, 6, 7 сыныптар арасында сапта жүріп ән айту байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: жасөспірімдерді Отан қорғауға дайын болуға, Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеуге дайын болуға тәрбиелеу. Байқауға 21 сыныптан 21 взвод қатысты. Байқау қортындысы бойынша 7 сыныптар арасында l - орын 7а, ll - орын 7г, lll - орын 7в алса, 6 сыныптар арасында l - 6ә, ll - 6в, lll - 6е алды. Ал, 5 сыныптар арасында l - 5д, ll - 5в, lll - 5б иеленді. Сондай-ақ, көзге түскен взводтар "Үздік комондир", "Үздік взвод", "Үздік ән орындаушы" номинацияларымен марапатталды. Байқау барысында үздік өнер көрсеткен 7а сыныбы аудандық орталық алаңда өтетін шарада өнер көрсететін болды.


Похожие публикации:

14 апрель 2019 Өнер байқауы