15
ноябрь
2022
ТЕҢГЕ – МЕМЛЕКЕТ КЕЛБЕТІ!
15 қараша күні мектеп-гимназияда «Төл теңгенің жетістіктері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразбаева Айжан 6 «Г» сыныбымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Дербестігімізді айғақтайтын ұлттық вальютамыздың қандай қиыншылықпен, еңбекпен келгенін жастар санасына сіңіру мен тәуелсіз елдің әрбір азаматының қалтасында жүрген төлқұжаты теңгеміздің қасиетін ұғындыру. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту. Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі – ұлттық валюта. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихын баяндап, оның маңызын түсіндіріп, ақшаның пайда болу тарихына тоқталды. ҚР Ұлттық валютасы айналысқа енгені туралы слайд көрсетілімімен жалғасты. Алғашқы қағаз купюралар, ақшалар, кейінгі шыққан банкноттар көрсетілді. Қатысушылар ұлттық валютамыздың сол кездегі сыртқы өзгерістеріне назар аударып, қазіргі ақшалардың белгілерімен салыстырды. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ойларын жеткізді.




