14
ноябрь
2022
ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ!
Халық қаһарманы Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың ерлік жасаған күніне 11 жыл толуына орай 9 «В» сыныбының жетекшісі Ивжанова Ғалияның ұйымдастыруымен «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Батырлардың ерлік істерін насихаттау арқылы олардың өнегелі өмірін ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен дөңгелек үстел барысында жаужүрек батырдың ерлігін жас ұрпақ жадына өшпестей сіңіру аға буынның асыл парызы екендігі, елін, жерін сүйген ерлер ғана көзсіз ерлікке баратындығы, сын сағатта қаһармандықтың үлгісін көрсеткен батырдың ерлігін әрдайым дәріптеп отырудың маңызы айтылды.
Уақыт ілгері жылжып өткен сайын тарих беттері де алыстай бергенімен, тарихта қалған боздақтар мәңгілік. Олардың жасаған ерліктері ұрпақтар жүрегінен мәңгілік орын ала беретін болады.


