21
декабрь
2022
ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбында оқушылар арасында эссе, шығарма байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
– Оқушылар арасында Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту;
– Оқушылардың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қалау. Еліміздің өткеніне құрметпен, бүгініне жауапкершілікпен, болашағына сеніммен қарауға түрткі болу.



