06
сентябрь
2022
Вакансия
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімі Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ КОНКУРС жариялайды:
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" сайтына жарияланды
Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
Математика пәні мұғалімі — 1 бірлік уақытша (декреттік демалыстағы мұғалім орны), 16 сағат;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — 1 бірлік уақытша (декреттік демалыстағы мұғалім орны), 16 сағат;
Ағылшын тілі пәні мұғалімі — 1 бірлік уақытша (декреттік демалыстағы мұғалім орны), 16 сағат;
Мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.
Конкурс өткізілетін орын:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімі Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Зада Әбдікәрімов көшесі, №48. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімі Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ғимараты. Анықтама үшін байланыс телефоны: 4-01-93
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
