Робототехника кабинетінің ашылу салтанаты » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » Робототехника кабинетінің ашылу салтанаты
05
декабрь
2018

Робототехника кабинетінің ашылу салтанаты

Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында ХХІ ғасырдағы ғылым мен білімнің талаптарына сай шәкірттер даярлау мақсатында жабдықталған «Робототехника» кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді. Кабинет лентасын Жамбыл облысы кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Мағзымбеков, Байзақ ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.С.Ермеков және аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М.А.Есеналиева кесті. Мектеп ұжымына болашақта білім нарығында компьютерлік сауаттылығымен, бәсекелік қабілетімен айқындала білетін шәкірттер даярлаудағы еңбектеріңізде табыстар мен сәттіліктер болсын деген тілектерін білдірді