10
октябрь
2022
Конкурс
2022 жылдың 6 қазан күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында уақытша бос тұрған математика пәні мұғалімі (1 бірлік) лауазымына педагогтерді тағайындау конкурсы өтті. Конкурстың өту тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 Бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес жүргізілді. Конкурсқа 1 кандидат өтініш білдіріп, құжаттарын өткізді. Уақытша бос лауазымға педагогтерді тағайындау конкурсының комиссиясы отырысы барысында комиссия мүшелері конкурсқа қатысуға өтініш берген кандидаттың құжаттарын педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, кандидатпен әңгімелесу жүргізді. Комиссия мүшелері уақытша бос ьатематика пәні мұғалімі лауазымына Жузбаева Ақерке Досжанқызы конкурстан өтті деген шешім шығарды. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделіп, комиссия төрағасы, мүшелері және хатшының қол қоюымен бекітілді.




