01
сентябрь
2022
«БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ,ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТ
Мектеп-гимназияда 1 қыркүйек - Білім күнінің алғашқы сабағы 1-11 сыныптар арасында «Білімге құштарлық, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбымен өтті. Бірыңғай сынып сағаттарының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау. Сынып жетекшілер Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиет екенін атап өтіп, адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылды. Жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сынып сағаттарында оқушылар қандай әдеби кітаптар оқығандарын айтып, жазғы демалыстан алған әсерлерімен бөлісті.






