15
декабрь
2020
Тәуелсіздік күні мерекесі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді.
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымына мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен 2-5 сынып оқушылары салтанатты түрде қабылданды. Іс-шараға білімді де білгір, талапты да талантты 20 оқушы Отанын сүюге ант берді. 10 оқушы «Жас ұлан», 10 оқушы «Жас қыран» ұйымына қабылданды.
Бүгінгі жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Оқушылар ант беру рәсімін бастамас бұрын ең алдымен қолдарын кеуделеріне қойып, мемлекеттік Гимнді орындады. Сонымен қатар мектеп-гимназия директоры Г.С.Ермековаға сөз берілді.
Жасөспірімдердің мойындарына байрақ түстес көк галстук және кеуделеріне төсбелгі тағылып, сертификаттармен марапатталды.


