«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2019

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау

Бір балам ғалым болсын деп ілім алып ізгілік жасауға іңкәр тұратын ұлттың ұрпағымыз. Міне, қоңыр күзбен қатар білім күні де жетті. Шымшықтың тұмсығындай қысқа фәнидегі ең бір естен кетпес, жүрекке жылылық ұялатар мектеп өмірін, бір сыныпта оқыған тұлымдыларымызбен бұрымдыларымызды бізде сағынатынымыз анық. Ала жазда алаңсыз аунап – қунап ойын қуған төменгі сынып оқушылары дәл осы күні бір – бірімен кісінескен тайдай шұрқыраса табысады. Жаздағы әсерлерімен жарыса бөлісіп, көрген қызықтарын айтып мектептен үйге қайтар жол балалардың дабырына бөлінеді. Иә, бұл күнде жетті. Бүгін мереке. Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер деген бар. Өзінің уақытын аямағанмен өзгенің бақытын аялауға құштар ұлағатты ұстаздар үшін де мереке. Білімдіге дүниенің жарық екенін білетін балдырғандар үшінде мейрам.
Бүгін Нығметулла Киікбаев атындаға мектеп - гимназисында сағынышқа, шаттыққа толы «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау мерексі тойланды. Қазақы бимен ашылған шарада мектеп оқушылары мектепке деген сағынышты, жүрек түкпіріндегі отанға деген сезімін көрсетіп мемлекеттік әнұранды ерекше тебіреніспен орындады. Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының директоры Ермекова Гулбахрам Серікқызы шәкірттерге жылы сөзін арнап, ұлағатты ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына табыс тіледі. Мерейлі мерекеде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер тақпақ айтып, әуезді ән де айтылды. Мектепті сағынып келген оқушыларға алғашқы қоңырау қағылып, келген ата – аналарда, қонақтарымызда көтеріңкі көңіл күйде тарасты.


Похожие публикации:

25 май 2019 Қоңырау үні
02 август 2017 Гимназия күні