«Адалдық сағаттары» » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

02
декабрь
2019

«Адалдық сағаттары»

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтіп жатыр. Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосып отырған Агенттік ұстанымы жастар үшін маңызды бастама. Білім күнінің алғашқы сабағында Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбының аясында дөңгелек үстел форматында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының құрметті қонағы ретінде Байзақ аудандық әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Нұралиев Нұржан Тоқбергенұлы қатысып, адалдық тақырыбында жас ұрпаққа азық болатын құнды ойымен бөлісті. Шараға лекторлық еткен Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының директоры Ермекова Гулбахрам Серікқызы адам бойындағы асыл қасиеттер: адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.