Ата-аналар жиналысы
«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізудің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Өтетін күні: 2018 жылғы 15 мамыр
Өтетін уақыты: сағат 18.30
Тақырыбы: Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы
Ата-аналар жиналысының мақсаты:ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Ата-ана жиналысы Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) арналады. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады.
Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі.
Өткізу форматы: жалпы мектептік ата-аналар жиналысы және білім деңгейлері бойынша ата-аналар жиналысы.
Қатысушылар: ата-аналар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың өкілдері, демеушілер және меценаттар, БАҚ.
Ата-ана жиналысындағы күн тәртібінің мәселелері:
1) «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;
2) мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;
3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;
4) оқу процесін цифрландыру;
5) мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.