01
сентябрь
2023
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, балапандардың әсем ән-биімен жалғасын тапты. Жиынға құрметті қонақтар мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы, Байзақ аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Нұралиев Дархан Абдалыұлы, ардагер ұстаз Бекбауов Асқар Смайылұлы мен Ермекенов Оразалы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күнінде барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын 215 бүлдіршін аттады.
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың қадамдары сәтті, жолдары ашық болсын! Мерейлі мереке құтты болсын! Жаңа оқу жылы жетістіктерге толы болғай!





