01
сентябрь
2024
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, балапандардың әсем ән-биімен жалғасын тапты. Жиынға құрметті қонақтар- мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, Байзақ ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы мен мектеп – гимназиямыздың ардагер ұстазы Еркебаева Сажида Күлдіманасқызы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күнінде барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын 178 бүлдіршін аттады. «Алтын белгі» белгісіне үміткер 11 сынып оқушылары және 1 сынып оқушылары алғашқы қоңырауды соғып, 2024-2025 оқу жылын бастады. Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың қадамдары сәтті, жолдары ашық болсын! Мерейлі мереке құтты болсын! Жаңа оқу жылы жетістіктерге толы болғай!