
24 қазан күні мектеп-гимназияда 8-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 25 қазан-Республика күніне орай «Отаным-баға жетпес байлығым» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы көпшілікті Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін атап өтті. Оқушылар патриоттық бағыттағы әндерді шырқап, әуезді күй тартып, өз өнерлерімен көрермендерді серпілтті.