
«Жер сағаты» экологиялық акциясы

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының «Қамқор» жобасын іске асыру мақсатында жаратылыстану пәні мұғалімдері Юсупова Айжан мен Уразбаева Нагиманың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өткізілді. Акция барысында оқушылар "Электр энергиясын үнемді пайдалану" тақырыбында сурет салып постер қорғады. Үздік деп танылған жұмыстар марапатталып алғыс хаттар берілді.

Мақсаты: Энергия тұтынуды үнемдеуге және ресурстарға ұқыпты қарауға дағдыландыру. Акцияның негізгі элементі жарық пен басқа электр құрылғыларын тиімді пайдалану.