
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Интернетсіз бір күн» атты акция өткізілді. Акция барысында оқушылар интернетсіз бір күнді тиімді өткізді. Кітап оқып, ойын ойнап түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Интернетсіз бір күннің негізгі мақсаты – цифрлық әлемнен үзіліс алып, шынайы өмірдің құндылықтарын сезіну. Қарым-қатынасты жақсарту. Технологиядан алыстау адамға нағыз әңгімелесу мен байланысты сезінуге көмектеседі.