19
декабрь
2024
АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ. Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында физика пәні мұғалімдеріне арналған "Физика пәнін оқытудағы жаңа әдістер және жасанды интеллектті сабақта тиімді қолдану" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ.
Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында физика пәні мұғалімдеріне арналған "Физика пәнін оқытудағы жаңа әдістер және жасанды интеллектті сабақта тиімді қолдану" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: физика пәнін оқытуда цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқыту процесінің тиімділігін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Іс шара барысында мектеп-гимназиямыздың шебер-ұстазы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, физика пәнінің мұғалімі Аманова Салтанат Мынбаевна "Термодинамика заңдарын қолдану. Жылу қозғалтқыштары" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар, С.М.Аманованың тәлім алушылары, мектебіміздің жас мамандары Уразбаев Н., Азимбай А.,Нұрғалиұлы Д. өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, "Дененің салмағы. Салмақсыздық.", "Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру", «Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi. Кулон заңы, элементар электр заряды» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Семинар соңында, ұлағатты ұстазымыз физика пәнінің мұғалімі Серикова Ғалия Кожановна "Физика және жасанды интеллект" тақырыбында коучинг ұйымдастырды.
Аудандық білім бөлімі әдіскері және семинарға қатысушы ұстаздар тарапынан жоғары баға берілді. Семинар ұйымдастырушы пән мұғалімдеріне алғыс айта отырып, алдағы уақытта еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!