🔰"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ. "Табиғат біздің қолымызда" тақырыбында экологиялық сағат өткізілді. Сайыс 4 кезең бойынша жүргізілді » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » 🔰"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ. "Табиғат біздің қолымызда" тақырыбында экологиялық сағат өткізілді. Сайыс 4 кезең бойынша жүргізілді
18
март
2025

🔰"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ. "Табиғат біздің қолымызда" тақырыбында экологиялық сағат өткізілді. Сайыс 4 кезең бойынша жүргізілді

🔰"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ
Мектеп-гимназияда 17-наурыз күні "Таза Қазақстан" акциясы аясында «Жасыл клуб» ұйымының жетекшілері Асанова Гүлнұр, Оспанова Айсұлу, Әбілда Зейне, Уразбаева Нағиманың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында "Табиғат біздің қолымызда" тақырыбында экологиялық сағат өткізілді. Сайыс 4 кезең бойынша жүргізілді:
▪️Таныстыру
▪️"Боулинг" ойыны
▪️Қалдық заттардың екінші өмірі
▪️Көшет отырғызу
Сайыс барысында оқушылар экологиялық білімдерін көрсетіп, қоршаған ортаны қорғау мен табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға қатысты түрлі тапсырмалар орындады. Өздерінің шығармашылықтарын, командалық жұмысқа қабілеттерін және экологиялық мәселелер бойынша түсініктерін көрсете білді.
Акцияға Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы қатысып, акцияны жоғары бағалады. Оқушылар мен ұстаздарға шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді. Жеңімпаз командалар марапатталып, қатысушы командаларға алғыс хаттар табысталды.