25
апрель
2023
АДАМ - ТАБИҒАТТЫҢ БІР БӨЛІГІ!
Бүгін мектеп-гимназияда "Экология әліппесі" апталығының аясында 3 "Ж" сыныбының жетекшісі Бибосынова Қорлан "Адам - табиғаттың бір бөлігі" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар топтық жұмыстар орындап, жұмбақтардың шешуін тапты. Суреттермен жұмыс жүргізіліп, оқушылардың жыр шумақтарымен жалғасын тапты. Әр топқа мақалдар беріліп, постер қорғады. Оқушылар "Орманға көмек көрсетейік" тақырыбында экологиялық ертегіге қойылым қойды. "Бір тал кессең, он тал ек" тақырыбында кері байланыс жүзеге асты.








