🔰"Заманауи Qazaq мәдениеті" интеллектуалды ойыны өтті! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » 🔰"Заманауи Qazaq мәдениеті" интеллектуалды ойыны өтті!
27
февраль
2025

🔰"Заманауи Qazaq мәдениеті" интеллектуалды ойыны өтті!

🔰"Заманауи Qazaq мәдениеті" интеллектуалды ойыны өтті!
Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында 26 ақпан 2025 жылы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінің мұғалімдері Оралбай Ерболсын мен Сапарбаев Бекзаттың ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында “Заманауи Qazaq мәдениеті" атты интеллектуалды ойын өтті.  
Зияткерлік сайыс 7 кезеңнен тұрды, әр кезеңде 7 сұрақ қойылды. Сұрақтар қазақ тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық ойындары, әлем өркениеті және биылғы "Кітап оқу жылы" аясында алдын ала ұсынылған кітаптар желісі бойынша әзірленді. Бұл ойын ұлтжандылық, адалдық, ізгілік, ізденіс сынды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.  
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен, сондай-ақ грамота, сертификат, кубок және бағалы кітаптармен марапатталды.  
✨ Айнұр Асқарқызына – 30 000 теңге көлеміндегі қаржылай демеушілік жасағаны үшін,  
✨ Роза Дүйсеноваға – Qasym баспасының көркем әдебиет жанрындағы 10 кітабын сыйға тартқаны үшін алғысымызды білдіреміз!  
Ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!