07
март
2025
🔰Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп-гимназияда “Қыз әдебімен көрікті” тақырыбында 7-8-9 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын өткізілді.

мектеп-гимназияда “Қыз әдебімен көрікті” тақырыбында 7-8-9 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушы қыздардың әдептілік, инабаттылық, сыпайылық сияқты қасиеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Ойын барысында қатысушыларға ұлттық дәстүрлер, қыз бала тәрбиесі, әдеп нормалары бойынша сұрақтар қойылып, түрлі тапсырмалар орындалды. Зияткерлік ойын Kahoot платформасы арқылы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.