05
январь
2024
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ӨТТІ!
5 қаңтар күні мектеп-гимназияда тарих пәнінің мұғалімі Сапарбаев Б.Б. ұйымдастыруымен “Заманауи Qazaq мәдениеті” атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынның мақсаты: мұғалімдердің танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын мұғалімдер ортасын қалыптастыру. Мұғалімдеріміз 7 кезең бойынша сайысқа түсті. Олар:
-Руханият
-Сиқырлы сандар
-Дәстүрлі әндер тарихы
-Кино әлемі
-Қазақ тілі-ғажап тіл
-Кітап-асыл қазына
-Джекпот
Қызыққа толы ойын барысында мұғалімдер тың деректермен қоржындарын толтырып, түрлі сала бағытындағы сұрақтарға сүрінбей жауап берді.
Ойын соңында сайыс жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.






