06
февраль
2025
ЖАС МАМАНДАР АЙЛЫҒЫ
ЖАС МАМАНДАР АЙЛЫҒЫ
Ақпан айының бесінші жұлдызы күні, жас мамандар айлығы аясында Сапарбаев Бекзат және Тәжібаева Мадина 7-сынып оқушылары арасында қазақ халқының көрнекті тұлғалары, тарихи танымы, салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарына негізделген интеллектуалды сайыс өтті.
Білімді шыңдап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл жарыста оқушылар өздерінің тарихи білімі мен тапқырлығын сынап, қызықты сұрақтарға жауап берді. Сайыс барысында олар қазақтың әйгілі тұлғаларының өмір жолын, ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындардың маңызын тереңінен таныды.
Жеңімпаздар арнайы грамоталармен, сертификаттармен және құнды кітаптармен марапатталды. Бұл шара оқушылардың рухани білімін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін нығайта түсті.