"2025 жыл - кітап оқу жылына" орай "Кітап - білім бұлағы" атты 9-сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан 16 оқушы төрт топ құрап, 5 кезең бойынша бақ сынады. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » "2025 жыл - кітап оқу жылына" орай "Кітап - білім бұлағы" атты 9-сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан 16 оқушы төрт топ құрап, 5 кезең бойынша бақ сынады.
20
февраль
2025

"2025 жыл - кітап оқу жылына" орай "Кітап - білім бұлағы" атты 9-сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан 16 оқушы төрт топ құрап, 5 кезең бойынша бақ сынады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің әдістемелік айлығы аясында  19 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шынықова Райхан мен Қасымова Айнұрдың ұйымдастырымен "2025 жыл - кітап оқу жылына" орай  "Кітап - білім бұлағы" атты 9-сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан 16 оқушы төрт топ құрап, 5 кезең бойынша бақ сынады. Оқушыларға алдын ала оқитын шығармалар тізімі беріліп, қатысушылар шығармалар желісі бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді. "Ділмәр" кезеңінде би-шешендердің шешендік сөздердің авторын анықтап, жалғастыра білді, мағынасын дұрыс ашып, шешендік сөздерді терең меңгергендіктерін танытты. "Бәйге", "Кім жылдам", "Сырлы тіл", "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бөлімі бойынша да өз білімдерін көрсеткен оқушылар белсенділік танытты. Сайыс соңында  жүлделі орынға ие болған оқушыларды марапаттап, сыйға кітаптар берілді.