20
февраль
2025
Мектеп-гимназияда 9-10 сынып оқушыларымен полиция қызметкерлерінің қатысуымен “Есірткі тасымалының алдын алу және жауапкершілік” тақырыбында түсіндіру жиналысы өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында Алдын алу іс-шараларының барысында Мектеп-гимназияда 9-10 сынып оқушыларымен полиция қызметкерлерінің қатысуымен “Есірткі тасымалының алдын алу және жауапкершілік” тақырыбында түсіндіру жиналысы өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері Байзақ АПБ Ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лей-т Нұрдәулет Серікбаев, мектеп инспекторы Аймбеков Рахым, мектеп әкімшілігі және оқушылар қатысты.
Жиналыс барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы, олардың адам денсаулығына зияны және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, есірткі тасымалына, сатылымына және оны пайдалануға қатысты ҚР заңнамасындағы жазалар түсіндірілді.
Жиналыс соңында оқушыларға есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетіліп, заң бұзушылықтың салдарын түсіндіретін ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандырып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.