
КЕЗДЕСУ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 5 наурыз күні «Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге құрметті қонақ ретінде Сарыкемер ауылы билер алқасының төрағасы Танаев Төребай, Сарыкемер ауылы ардагерлер алқасының төрағасы Омаров Әділхан, Сарыкемер ауылы ардагерлер алқасы төрағасының орынбасары Ермекенов Оразалы, мектеп инспекторы Аймбеков Рахым қатысты. Спикерлер оқушыларға кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, олардың арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан қорғау жөніндегі шаралар туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында оқушыларға: буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар; буллингтің салдары; буллинг пен кибербуллинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік; буллинг пен кибербуллингтен зәбір шеккен балаларға психологиялық қолдау және көмек көрсету туралы түсіндірілді. Кездесу соңында педагог-психологтар білім алушыларға буллинг пен кибербуллингті болдырмау бойынша бірнеше ұсыныстар беріп, тренинг ұйымдастырды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.