05
декабрь
2024
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік»
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» тақырыбында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Айгүл Нұрова, Байзақ ауданы кеңес беру кабинетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Алия Жұмағұлова қатысып, сөз алып, күн тәртібіндегі мәселені баяндады. Сонымен қатар, ДҚІЖО Д.Б.Алтынбеков оқушыларды буллинг, кибербуллинг жайында ақпараттармен таныстырды. Жиында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллингге қатысты бейнебаяндар көрсетілді. Соңынан кездесу қатысушыларына зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жадынамалар таратылды.